Шымкентте қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

Шымкентте қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

Шымкентте жыл басынан бері қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға 57 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

173 әкімшілік іс қозғалды. Сот 10 мекеменің жұмысын уақытша тоқтатқан. Зауыттардың көбі индустриалды аймақта орналасқан. Олардың мұржасынан шыққан түтін арнайы сүзгіден өткізілмеген. Одан бөлек сарқынды су құрамында зиянды қалдықтар табылған. Тіпті кейбірі ашық су көздерін ластапты. Өндіріс орындарына жергілікті халықтың арызы бойынша тексеріс жүргізілген екен. Экологтар былтырғымен салыстырғанда заң бұзушылық дерегі жеті есеге артып отырғанын айтады. 

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Ол жерде металл балқытатын зауыттар бар, ішек-қарын тазалайтын кіші кәсіпкерлік объектісі бар, полигон бар, қалдықтарды өңдейтін, қалдықтарды сұрыптайтын зауыттар бар. Былтыр 8 миллион теңгеден астам штраф салынған болса, биыл 57 миллион айыппұл салынды. Өздеріңіз көріп тұрсыздар қанша есеге көбейгенін.