Ақмола облысында жылу қазандығының жарылысынан үш адам жараланды

Ақмола облысында жылу қазандығының жарылысынан үш адам жараланды

Ақмола облысында мектептің жылу қазандығы жарылып, 3 адам жарақат алды.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, оқиға Аршалы ауданында түс кезінде болған. Салдарынан от жағушы боп жұмыс істейтін 3 адам қатты жарақаттанған. Қазір олардың біреуі ауыр халде реанимацияда жатыр. Қалған екеуі хирургия бөлімінде ем қабылдауда. Ал оқушылар мен ұстаздар зардап шеккен жоқ. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.