98 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді – Өскемен

Осы Өскемеде тұратын соғыс ардагері Курмат Рахимов те өзі тіркелген сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ол бүгінде 98 жаста, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрметті демалыстағы әскери полковник еліміздің саяси-әлеуметтік маңызы бар науқанынан тыс қалуды өзіне ар санайды. Курмат Рахимовпен бірге сайлау учаскелеріне шәкірттері мен ізбасарлары да келген. Ардагер жастардың азаматтық ұстанымына зор құрметпен қарайды. 

Курмат Рахимов, ҰОС ардагері:

– Мен шын мәніндегі Жаңа Қазақстанның құрылуы үшін дауыс бердім. Өйткені біздің елімізді қоғамды демократияландыруға арналған үлкен саяси реформалар күтіп тұр.