Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы төрағасы Б.Баекенов 80 жасқа толды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы төрағасы, мемлекет қайраткері генерал-лейтенант Болат Баекенов 80 жасқа толды.

Ардагердің құрметіне орай Алматыда үзеңгілестерінің бастамасымен музей ашылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған уақытындағы жұмыс кабинеті ардагерге арналып жасақталған. Онда генаралдың жеке заттары, құжаттарының көшірмесі, мемлекеттік марапаттары мен шет елдік әріптестерден келген сыйлықтар қойылған. Болат Баекенов тәуелсіз елдің арнайы қызметін құрып, құқықтың базасын жасақтаған тұлғалардың бірі. Ол Ұлттық қауіпсіздік қызметін бүгінгі күнге дейінгі дамуына үлкен қосты. Мемлекет қайраткерінің құрметіне арналған музейдің ашылу салтанатына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері қатысты. 

Кенжеболат Бекназаров, "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- ҰҚК тарихында Болат Әбдірахманұлы Баекенов ең бірінші төраға болды. Сондықтан міне 30 жылдан асып кетті. Болат Әбдірахманұлы сондай үлкен үлес қосты. Әрине еңбегі өте зор. Ол кісінің білесіздер бірнеше мемлекет қайраткері болған соң осы комитеттен кейін Президенттің күзет қызметінде басшысы болды. Одан кейін Ішкі істер министрлігінің министрі болды.