Маңғыстау облысында жедел жәрдем станциясы салынады

Маңғыстау облысында орталықтандырылған жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы салынады.

Осы мақсатта 34-шағын ауданда көлемі 2,6 га жер телімі бөлінді. Ғимарат құрылысына өңір бюджетінен 50 млн теңге жұмсалады. Жаңа станцияны 2025 жылға дейін Ақтауда салу жоспарланып отыр. Мәселені жуырда аймаққа жасаған сапарында Президенттің өзі көтеріп, тездетіп шешуді тапсырған болатын.  

Маңғыстау облысында 14 жедел жәрдем станциясы бар. Соның екеуі Ақтауда. Әкімшілік және диспетчерлік бөлімдер 23-шағын ауданда жалға алынған ғимаратта отыр. Облыс бойынша күніне 800-900 шақырту осы жерге келіп түседі. Ақпарат бірер минутта өңделіп, науқастың мекен-жайына жақын маңда жүрген бригадаға жолданады. 

Оксана Ильясова, диспетчерлік бөлім қызметкері:

- Әрбір диспетчер бір кезекте 24 сағат жұмыс істеп, сосын 3 күн демалады. Осылайша, станциядағы қызметіміз 4 кезекпен жалғасып келеді. Телефон арқылы түсетін шақыртуларды 10 қызметкер қабылдайды.

- Это у нас заправочный кабинет, здесь мы заправляется, наши бригады.

Екінші станция 1-шағын ауданда тұр. Жалға алынған нысанда жедел жәрдем көліктері жөнделеді әрі жанар-жағармай құйылады. Бригадалар дәрі-дәрмек қорын осы жерден толтырады. Ақтауда шағын аудандар жоғары және төменгі деп бөлінеді. Мұндағы ұжым төменгі аудандарға шұғыл дәрігерлік қызмет көрсетеді. Келешек орталықтандырылған ғимарат ашылса да, бұл нысан қолданыста қала бермек. 

Амантай Досжанов, облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының м. а:

- 1, 2, 3-санаттағы шақыртуларға уақытында баруға. Себебі барлық подстанциялардың барлығын жауып, 34-шағын ауданға көшіп кететін болсақ жаңағы санаттарға жету уақыты ұзарады. Сол себептен сол подстанция бізге керек болады.

3-станция 34-ықшам аудандағы облыстық қан орталығында орналасқан. Тағы бір мәселе - Ақтауға жақын жердегі Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары мен Мұнайлы ауданында аурухана жоқ. Науқастарға Ақтаудан дәрігерлер шұғыл барып, емдеу мекемесіне жатқызу қажет болған жағдайда қалаға әкеліп жүр. Жуырда Түпқараған ауданында жедел және шұғыл медициналық жәрдем бригадасы құрылды. Жауаптылар жылдың соңына дейін Мұнайлы ауданын да бригадамен жабдықтаймыз дейді. 

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев, Ренат Досалиев