Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара 12%-ке көбейген

Сөйтіп оның саны 108 мыңнан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанат Омаров төрт-түлікті береке бастауы деп біледі. Ол 1998 жылы шаруашылығын отыз бас ірі қарамен бастап, бүгінде оның санын үш жүзге жеткізді. Шаруа Зеңгі баба төлін көбейтіп қана қоймай асылдандыру жұмыстарын жүргізіп оң нәтижесін көріп отыр.

Жанат Омаров, шаруашылық жетекшісі:

- Сиырлардың салмақтары өсіп кетті. Тірідей 550-600 кг болса еттей 280-300 келідей береді. Сол. Болашақта «Әулиекөл» тұқымын аяғына дейін жеткізіп, асыл тұқымды шаруашылық құрайын деп жүрміз.

Шаруашылықтағылар төрт түлікпен қатар құс өсіріп, егін де егеді. Биыл олар мың гектардан астам жерге бидай, арпа септі. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын терін науқаны лизингке алынған жаңа техникамен жүргізілді. Соның нәтижесінде еңбек өнімділігі артқан.

Сайдсәлім Хасанов, шаруашылық меңгерушісі:

- Бұрын ескі техника сынады. Уақытысында еге алмайсың, жұмысың алға баспайды. Қазір жаңа техникамен жұмысым алға басып шаруаң дұрыс болады. Биыл кішкене егін дұрыс болды. Екі үш жыл урожай болмай қиналып қалдық. Қазір міне шөбіміз анау, жеміміз мынау, малымыз бар өсіп өніп келе жатырмыз.

Өңірде төрт түлікті түлетіп отырған екі жарым мыңнан астам шаруашылық бар. Ондағы Зеңгі баба төлінің саны 540 мыңнан асады. Соның жиырма проценті асыл тұқымды ірі қара.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, қуаныш Түргенбаев