Таразда «жарылғыш зат» қойылды деген колледж толықтай тексеріліп жатыр

Полиция басқармасының жедел басқару орталығына белгісіз біреу хабарласып, Жамбыл политехникалық колледжінің барлық корпусына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шақырту орнына Полиция департаментінің жеке құрамы, саперлер мен кинолог мамандары, төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер, жалпы саны 1700-ге жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде оқу орнының бас  корпусынан жарылғыш зат анықталған жоқ. Қазір екінші корпус тексеріліп жатыр. Полиция Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеп-тексеруді басталды.