Қарағанды облысында бірнеше адамды ажалдан арашалаған полицей тұрады

Ел, жер қорғап жүрген ерлеріміздің аман болғаны керек.

Сол ерлерді жұртта біліп жүрсе екен. Ботақарада бірнеше адамды ажалдан алып қалған полицей тұрады. Отқа да, суға да түскен. Қазір де қызметін қалтқысыз атқарып жүр.

- Машинаның іші түтінденіп, панель астынан түтін иісі шығып, жанайын дей бастаған кезде Медет айғайлап, паниковать етпеңдер қазір көмектесем деп, мен есік аша алмаймын, аунағаннан кейін есіктер бәрі жабылып қалып, әзер ашылды. 

- Көргеннен кейін барып енді жұмыс сондай. Әр адам бір-біріне көмектессе онда тұрған ештеңе жоқ. Көмек көрсету бірінші орында деп ойлаймын.

Медет Асқаров үйдегі 7 ұлдың ортаншысы. Әкеден жастай қалған. Ешкімнің ала жібін аттамау, қажет кезде  қол ұшын созуды ана тәрбиесі бойға дарытқан. Ең алғаш 2018-ші жылы 5 баланы өрттен аман алып қалады. 

Медет Асқаров, Бұқар жырау аудандық ПБ аға лейтенанты:

- Бір әйел адам омыраудағы баласымен далаға шығып құлап, кейін көмек сұрады. Ол айтты балларымды құтқар, үйде өрт болып жатыр деді, қара түтін деді. Үйіне жүгіріп барып,кімнің аяғын ұстадым, соны сүйретіп,үйге апара бастадым. Сосын жұбайыма айттым, жедел жәрдем шақыра бер дедім.

Мұнан соң биыл жазда суға батып бара жатқан екі адамды тағы құтқарады. 

Медет Асқаров, Бұқар жырау аудандық ПБ аға лейтенанты:

- Коллегам звандады, екі әйел батып жатыр деп, содан мен өз көлігіммен өзенге бардым. Сөйтсем колегам бір әйелді құтқарып жатыр екен. Бірақ екеуі де батып барады. Барып жеңілін бірінші қолынан ұстап алып шықтым да, кейін күшім келіп екінші Инга деген әйел адамды алып шықтым.

Соңғы жағдай күні кеше болыпты. Тілеген қас қарайған шақта жұмыстан үйне қайтып келе жатады. Жақында ғана алған су жаңа көлігі тас жолда тербетіліп барып, екі  аунап түседі. Екі баланың әкесі есінен танғаны немесе есі кете шошығаны есінде жоқ, әйтеуір есік ашуға қауқары болмаған. Абырой болғанда алдында Медет келе жатып, байқап қалады. 

Тілеген Сөкенов, Ботақара кентінің тұрғыны:

- Ауа райы қолайсыздығына байланысты кішкене боран, жол тайғақ управлениені жоғалтып алдық та. Машинаны аунатып алдық. Көк тайғақ машинаны лақтыра бастады. 2-рет айналып түсті. Содан кейін машина ішінде паника басталып, ремень босата алмай жатқан кезде Медет деген жігіт келді.  Медетке көптен көп рахмет. Біз ол жерде қалып қойсақ та, ол күні боран машинада аз, өртеніп кетсе қалып қояр едік.

Медеттің үш баласы бар. Ішкі істер саласында 16 жылдан бері қызмет етіп келеді. Соңғы жасаған ерлігі әлеуметтік желілерге шығып, халық оған ықыласын білдірген. Қазір аудандық полиция бөлімі облыстық департаментке Медеке құрмет көрсетіп, марапат беру бойынша ұсыныс жасапты. Бірақ Медет адам құтқарғанын адамгершілік борышым деп санайды. 

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар