ШҚО жылу электр орталығында қордаланған мәселе көп

Риддердегі апаттық жылу электр орталығында биыл жөндеу жұмыстары жоспарланбаған. Ең сорақысы, нысанға  штат бойынша 75 жұмысшы қажет болса, небәрі 29 адам ғана еңбек еткен. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жылу агрегаттарының 90% тозған. Қазір орталыққа Өскемен мен жергілікті тау-кен комбинатынан 130 қызметкер тартылған. Олар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша 4- ші және 5-ші қазандықтар іске қосылмақ. Көмір тасымалы да реттелді. Енді жергілікті билік өкілдері жекенің қолындағы стратегиялық нысанды мемлекет меншігіне қайтару жағын қарастырып жатыр. 

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Тұрғындарды жылумен қамту үшін 4, 5 қазандықтарды жөндеу керек. Кәсіпорын иелері бұл жұмысты келесі жылға қалдырған. Қазір біз оларды шұғыл түрде реттеп, іске қосатын боламыз. 4-ші қазандық дайын тұр.