Ақылы жолдардан 25 млрд қаржы түсті

Осы ақшаның бір бөлігі алдымен жолдарды күтіп ұстау мен ақы төлеу жүйесіне жұмсалады. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде ел бойынша  2,2 мың шақырымды құрайтын 11 ақылы жол учаскесі бар. Ақылы жолдардың тарифі 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. Енді жыл соңына дейін көліктің барлық түрлері жаңа абоненттік төлемге көшеді. Ресімдеу тәртібі жуырда «Қазавтожол» сайтына шығады.

Төлеген Абдуллин, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:

- Жеңіл автокөліктер 1 жылға 1 000 теңге; 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 2 АЕК, жылына 20 АЕК;

32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 4 АЕК, жылына 40 АЕК;

32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 6 АЕК, жылына 60 АЕК;

15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 8 АЕК, жылына 80 АЕК;

15 тоннадан астам жүк көліктері – айына 10 АЕК, жылына 100 АЕК.

Еліміздің автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың Республикалық маңызы бар 71 мың шақырым облыстық және аудандық жолдар.