Екібастұздағы жылу орталығы қалыпты режимде жұмыс істей бастады

Екібастұздағы жылу электр орталығы штаттық режимде жұмыс істей бастады.

Он қазандықтың  алтауы іске қосылды. Қалған төртеуі резервте тұр. Анықталған 15 апаттық учаскенің  14 –і қалпына келтірілді. Дегенмен, қала бойынша апатты жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр.  Бүгін таңертең 25 көпқабатты және 90 жеке үйдің ішкі жылу жүйесінен ақау табылды. Салдарынан, магистральды жылу трассаларында ыстық су болғанымен, ол үйлерге жетпей отыр. Сондықтан, ішкі желілерді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қосымша 150 адам көмекке келген.  Қақаған аязда жылусыз қалған тұрғындарға 1200 жылытқыш құрал  таратылуда. Оны үйлерге волонтерлер жеткізіп береді.  

Олег Крук, облыс әкімінің орынбасары:

- Қарашаның 28-де 17 көп қабатты үй, екі әлеуметтік және бір әкімшілік нысанның  жылу беру жүйесінен ақау табылды. Бүгін таңертең олардың саны тағы  25-ке артты. Жылу құбырларындағы апатты жоюға бригадалар жасақталған. Олар қазір ғимараттарды тексеріп, жылу торабтарын жылытумен айналысып жатыр.