Шахтинск жұрты жаурап отыр

Шахтинск қаласында да үйлер суып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Кей пәтерде температура 12 градустан аспай тұр. Тоңған тұрғындар жылу энергия орталығы толық қуатында жұмыс істемей тұр дейді. Бірақ мамандар жылу қалыпты жағдайда беріліп жатыр деп мәлімдеді. Стратегиялық нысанды жөндеуге биылдың өзінде бір жарым миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазір үш қазандықтың екеуі тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл қаланы қамтамасыз етуге жеткілікті. Бүгінгі күні Шахтинскіде 288 көпқабатты үй мен 56 әлеуметтік нысан бар. Соның 15-інің тұрғындарынан шағым түсіп, тұрғын үй комиссиясы тексеріс жүргізген.

Тынышгүл Ақназарова, Шахтинск қаласының тұрғыны:

- Төрт баладан үшеуі ауырып жатыр. Балабақшаға да, сабаққа да барған жоқпыз. Суық. Былтыр бұндай болмаған.

Мұрат Әлимов, Шахтинск қаласының жылу энергия орталығының директоры:

- Үйлердің көбісі дайын емес. Мысалы 1-қазаннан бастап жылу беру мезгілі басталады. Соның алдында АКТ тапсыру керек. Жаз бойы ештеңе жасалған жоқ. 10-15% ғана жасалды. Біз жылуды дәл үйдің жанына апарамыз. Сол жерде счетчиктеріміз тұр. Қазіргі таңда 75-55.