Ұлытау облысында мүгедек балаларға арналған орталық саны артады

Ұлытау облысындағы 10 мыңнан астам мүгедектігі бар азаматтың 890-ы 18 жасқа толмаған.

Бір ғана Сәтбаев қаласының өзінде ерекше қажеттілігі бар 279 бала бар екен. Оларды қоғамға бейімдеу үшін құрылған бір орталық небәрі 40 баланы қамтиды. Сондықтан осындай мекемелердің санын арттыру мақсатында өңірді дамытудың кешенді жоспарына бірнеше жоба енгізілген. 

Алмаз Қыдырбеков 2-топтағы мүгедек. Өмір жолында денсаулығына байланысты кездескен түрлі қиындықтар оған арнайы орталық ашуға түрткі болған.  Бұл жерде мемлекеттік тапсырыс бойынша 40 балаға аптасына

Алмаз Қыдырбаев, орталық жетекшісі:

- 40 баланы қамти аламыз. Негізінен бізде логопед, эрготерепевт, ЛФК мамандары... иппотренажердың арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз. 

Ерекше балаларды кәсіби мамандарға тапсырған ата-аналардың да қолы ұзарған. Өткен жылы ғана ашылған шағын орталық қазірдің өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерді.  

Алмаз Қыдырбаев, орталық жетекшісі:

- Негізгі біздің орталыққа келетін балалардың басым көпшілігі ДЦП-дағы басқа тірек-қимыл ауруларының түріне жатады. Мынау жұмыла істеген жұмыстың арқасында ата-аналар да өте атсылысып көмектерін тигізіп жатыр. 4 баламыз аяғынан тұрып, тұсаукесер жасаған жетістіктеріміз бар.

Орталыққа 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Алдағы уақытта 12 жастан асқан жасөспірімдер үшін де жаңа орталық ашылмақ.

Бауыржан Әпеков, Сәтбаев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Енді бізде бір жоспар бар. Келесі жылы осындай бір орталық, бірақ 12 жастан асқан балаларға осындай орталық ашсақ деген жоспарымыз бар. 

Бұл Ұлытау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асатын үш жобаның бірі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тағы екі мекеме алдағы жылы Жезқазғанда ашылады. 

Елдос Какенов, Нұрбол Үздікбаев