Ақтау қаласына ертеңнен бастап ыстық су беріледі

Ақтау қаласына ертеңнен бастап ыстық су беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Жергілікті биліктің осындай уәдесі бар. Бүгін түс ауа суық су жіберілді. Мәселе желтоқсанның 4-інде басталған. Ол уақта жылуды тоқтаусыз беру үшін ыстық суды тоқтатқан еді. 5 күн өткенде ара-тұра суық су беріле бастаған. Мамандар мәселенің уақытылы, тез шешілмеуіне құрал-жабықтардың тозғандығы себеп дейді. Ал суды қосу үшін жұмысшылар күн-түн демей еңбек еткен.