Жетісу облысында желтоқсаншыларға әлеуметтік жеңілдік жасалады

Жетісу облысында желтоқсан көтерілісіне қатысқандарға жылына бір рет санаторлық-курорттық жолдама тегін берілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, емханада кезексіз қабылдайды. Облыс орталығында  монумент орнатылып, олар туралы кітап шығарылады. Келесі жылдан басталатын оң өзгерістер мерекелік басқосуда айтылды. Өңірде желтоқсан көтерілісіне қатысқан 75 адам тұрады. Оларға 200 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Кеңестің әкімшілік әміршілдік жүйесіне қарсы шыққандардың бірі - Ерік Шаймерденов. Ол ауыл шаруашылығы институтында оқып жүргенде орталық алаңға барып, көпшілікпен бірге ереуілге қатысқан. Сол кезде бейнекамераға түсіп қалыпты. Осы әрекеті үшін жазықсыз жала жабылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ерік Шаймерденов, желтоқсан көтерілісіне қатысушы:   

Атамыз Қонаевты алып тастағаннан кейін қатты ауыр тиді. Біз басшысыз қалған сияқты болды. Бізді енді кім қорғайды, жағдайымыз тіпті не болады. Бұл сұмдық қой, жоғары жақ дұрыс емес шешім шығарған. Қазақты қорлау ғой. Отарлық саясатына қарсы шықтық қой. 4199 Ол жерде қазақ дегеннің қандай батыр ұлт екенін көрдім.