Екібастұздықтар үйінің суықтығына шағымданды

Пәтеріміз бір жылымай-ақ қойды.

Екібастұздағы біраз үйдің тұрғындары осындай халде отырмыз дейді. Бұған "Екібастұзтеплоэнерго" компаниясы «жылу электр орталығындағы құрылғыларды реттеп жатырмыз» деп жауап берді.

Мамандардың айтуынша, желіні жаппай ауыстыру кезінде жылыту құрылғыларына құбырлардағы ескі тот пен металл қалдықтары түскен. Осы себепті құбырларды тазарту үшін, ыстық суды тежей тұруға тура келеді. Ал желіні толық сүзіп шығуға уақыт керек. Көп ұзамай жылу іркіліссіз беріледі деп сендірді компания өкілдері.