Қостанайда жолақы қымбаттайды

Қостанайда жолақысы қымбаттайды.

Жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте жүру құны 20 теңгеге өсіп, 100 теңге болады. Ал қолма-қол есептесу 170 теңгеге жетеді. Бағаның көтерілуіне жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің шарықтап кетуі себеп. Облыс орталығында күнделікті 39 бағытта 180 автобус қатынайды. Тасымалдаушы компаниялар жыл сайын тасымалдау қызметі өзін-өзі ақтамайтынын айтып шағым білдірген. Қалалық әкімдік бағаның 2017 жылдан бері өспегенін алға тартады. Айтуларынша тарифті көтеру туралы шешім жан-жақты зерделенген.

Нұрдәулет Бейсенов, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қала бойынша орташа тариф 200 теңге болып тұр. Биыл осы соманың 60 процентін мемлекет субсидиялады. Әрине жылда бұл салаға бюджеттен ақша жетпей жатады. Енді келер жылға 4 млрд теңгеге өтінім бердік. Соның есебінен дотация жүргізіп, жаңа автобустар сатып алуды көздейміз.