«Ембімұнайгаз» компаниясы үздік қызметкерлерін марапаттады

Биыл ғасыр тойын тойлаған «Ембімұнайгаз» компаниясы Құрманғазы мәдениет сарайында жылды қорытындылап, үздік қызметкерлерді анықтады.

“Жыл адамы-2022” жобасы бойынша 15 қызметкер үздік деп танылып, марапатқа ие болды. Жұмысшыларды ынталандыру мақсатында өткен іс-шара биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Қанат Нұрмашев 1995 жылы оқуын аяқтағаннан кейін, Тереңөзек мұнай өндіру цехына жұмысқа орналасқан. 27 жыл бойы табан аудармастан осы цехта еңбек еткен Қанат Рақымжанұлы қазір цех бастығы қызметін атқарады. Еткен еңбегі еленіп, “Ембімұнайгаз” АҚ-ның үздік қызметкері атанды.

Қанат Нұрмашев, Тереңөзек мұнай өндіру цехының бастығы:

- Әрине мына марапатым өзімнің марапатым деп есептемеймін. Бұл бүкіл Тереңөзек мұнай өндіру цехының мұнайшыларының марапаты. Оның ішінде Тереңөзек мұнай өндіру цехының мұнайшыларының, әр жұмысшысының үлесі бар. Мұндай марапатқа әр ұжымның ауызбіршілігі керек. Ұйымшылдығы болса, мұндай марапатқа әр цех басшысы жетеді деп ойлаймын.

Биыл ғасыр тойын тойлаған “Ембімұнайгаз” компаниясында бүгінде 5 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Құрманғазы мәдениет сарайында өткен қорытынды кеште ел экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мұнайшы жоғары марапатқа ие болды.

Гүлбану Шарафетдинова, “Ембімұнайгаз” АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары:

- Кез келген компанияның даму стратегиясының ең негізгі бөлігі кадр саясатының тұрақты дамуы. Бүгінгі шарамыз сол калр саясатын әрі қарай дамыту мақсатында жүрігізіліп отырған шаралардың бірі болып есептеледі. Біз 100 жыл бойы өнім беру компанияға үлестеріп қосқан қызметкерлерді мақтаныш тұтамыз.

«Жыл адамы» іс-шарасы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 15 аталым бойынша үздік деп танылған қызметкерлер марапатталды. Мұндай іс-шара үздіктерді анықтап қана қоймай, өзге де жұмысшылардың жемісті еңбек етуіне жол ашпақ.

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин