Өзбекстан Республикасында 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін дәрі Қазақстанда сатылмайды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Үндістанның "Док-1 Макс" препаратының елімізде тіркелген мерзімі 2018 жылы өтіп кеткен. Оның құрамында 500 мг парацетамол, 200 мг гвайфенезин және 10 мг фенилэфрин гидрохлориді бар. Ведомство мәліметіне сүйенсек, парацетамолдың салдарынан препарат бүйрек функциясына жанама түрде кері әсерін тигізеді. Сондықтан бұл дәріні нұсқауда көрсеткен дозадан асырмай пайдалану керек. Еске сала кеткен жөн, Өзбекстанның Самарқан облысында ЖРВИ-ге қарсы үндістандық "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 15 бала көз жұмған болатын.