Президент Қ. Тоқаевтың биылғы жұмысының қортындысы

Жыл аяғы таяп қалды. Осыған орай, Ақорда мемлекет басшысының биылдыққа атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен 240 сағатын ұшақта өткізіп, 150 мың шақырым жүріп өткен. Осы аралықта әлемнің 14 еліне 25 рет сапар шекті. Барлығы 19 елдің Президентімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, 16 мәрте жұмыс сапарымен өңірлерді аралады. Жыл бойына 60 жеделхат жолдап, 30 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. 59 рет телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар, 59 жиналыс пен кеңеске, 31 халықаралық шараға қатысып, 298 рет қабылау мен кездесу өткізді.

Президенттің 2022 жылы атқарған жұмысы

Әлемнің 14 еліне 25 рет сапар шекті.

19 елдің Президентімен кездесті.

Жұмыс сапарымен 16 өңірге барды.

60 жеделхат жолдады.

30 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.

59 рет телефон арқылы сөйлесті.

59 жиналыс пен кеңес, 31 халықаралық шараға қатысты.

298 рет қабылдау мен кездесу өткізді.