Елжан Біртановтың апелляциялық сот отырысы басталды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың апелляциялық сот отырысы басталды.

Айыпталушының қорғаушысы істі қайта тексеруді сұрады. Оның айтуынша бірінші тергеуде өрескел қателіктер жіберілген. Құжаттар ағылшын тілінде дұрыс аударылмаған деді адвокат. Іс бойынша басты куәгерлер Ericsson Nikola Tesla компаниясының өкілдері тыңдалмағанын атап өтті. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар қызметкерлері шақырылып, істің анық-қанығын айтып беруін талап етуді сұрады.