Елде электромобиль инфрақұрылымы дамиды

Парламент Мәжілісінің депутаттары, палатаның жалпы отырысында электромобиль инфоқұрылымын дамытуға арналған заң жобасын қабылдады.

Бұл бастама экологиялық таза көлікті пайдалануға жағдай жасау, оларды қуаттау станцияларын орнату жөніндегі қызметті реттеудің, құқықтық тетіктерін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте электромобильдерді тоқтату немесе автокөлікті тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.