Қарағандыда альпинистер клубының ұйымдастыруымен 100-ден астам адам Сораң тауының шоқысына шықты

Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында альпинистер клубының ұйымдастыруымен 100-ден астам адам Сораң тауының шоқысына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуелде жүгіріп бастаған әуесқой альпинистер жарты жолда болдырып, мәреге жарты сағатта әрең жеткен. Алыстан аласа болып көрінгенмен, 727 метр биіктікті бағындыру, әрі қалың қардан жүгіріп өту оңайға соқпады. Қатысушылардың арасында 5 жастан асқан балалармен қатар 70-ті алқымдаған аға буын өкілдері де болды. Барлығы таза ауада тынығып, бой сергітті. Спорттық шара осымен 12-рет өткізіліп отыр.

Төлеген Әшімов, жарысты ұйымдастырушы:

- Қарағандыда альпинизмге дайындыққа орын бар. Мына жерде трекинг болса да, тасқа шығу болса да мүмкіншілік бар. Қарағандының альпинистері Қазақстан бойынша да, КСРО бойынша да кіші таулардан бастап  үлкен деңгейлерге жеткен. Сондықтан альпинизмге қатысыңдар. Альпинизм ең керемет спорт түрі болып табылады.