Шымкентте көлік соққан газ құбыры қалыпқа келтірілді

Шымкентте апаттан кейін газ құбырын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Қазір таңнан бері табиғи отынсыз отырған «Құрсай» шағын ауданындағы алты жүзден астам абонентті көгілдір отынға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің өңірдегі өкілдері мәлімдеді. Еске салып өтейін бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында жылдамдықты асырған автокөлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жоғары қысымды газ құбырын соққан болатын. Салдарынан 612 жеке тұрғын үй мен бір өндіріс орны көгілдір отыннан ажыратылды. Шығын көлемін еселіп  жатыр. Жалпы аймақта жыл басынан бері көлік құралының қатысуымен алты жүзге жуық апат тіркелді.

Эльдар Қуандықов, "Қазтрансгаз аймақ" АҚ филиалы бөлім басшысының орынбасары:

- Жедел шаралар қолданып, қазіргі таңда қалпына келтірілді апат орын алған жер. Алда мерекелік күндер келе жатыр. Соған байланысты бүгінгі күннің аяғына дейін қосу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Шығынды өндіру апатты жасаған тұлғадан өндіріледі. Ол кісіге заңгерлермен өз тәртібіне байланысты заң аясында өндіреміз.