Павлодарда мұз қалашығы пайда болды

Ұзақ үзілістен кейін Павлодарда мұз қалашығы пайда болды. Ертістің төменгі жағалауына Жаңа жылдың басты нышаны - сұлу шырша тігілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі-түсті жарық шашатын иллюминациялар алыстан көз тартады. Мұздан жасалған лабиринттер, жан-жануар мен құс мүсіндері және ертегі кейіпкерлері мерекенің ажарын аша түскен. Арнайы суретке түсетін орын белгіленген. Сырғанақ тебетін бірнеше алаң жасақталды. Мұндай мерекелік безендіру қаланың басқа жағында да пайда болған. Жалпы тұрғындар Ертіс жағалауында серуендегенді ұнатады.

Адина Жоламан, оқушы:

- Маған бұл жер өте ұнайды. Әсіресе шыршаның сұлулығына көз тоймайды. Аюлар, пингвиндер де көңілімнен шықты.

Еламан Мұратхан, қала тұрғыны:

- Адамдар өте қуанышты. Балаларымен, отбасыларымен бірге келіп тамашайды. Сырғанақ тебеді. Әсіресе балаларға ұнайды.