Ақтөбеде дәрігерлердің көмегіне 1500-ден астам адам жүгінген

Өткен тәулікте Ақтөбенің жедел жәрдем қызметіне түскен қоңырау саны әдеттегіден екі есе көп болды.

Дәрігерлердің көмегіне мың жарымнан астам адам жүгінген. Негізінен жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырғандар көп. Мамандар қызуы көтеріліп, жөтел қысқандар аз емес дейді. Бұдан бөлек ауруханаға пышақтан жарақат алған екі тұрғын мен өрттен зардап шеккен әйел адам жеткізілді. Сырғанақ теуіп жүріп аяқ-қолын зақымдап алған екі ақтөбелікке көмек көрсетілді. Биыл түрлі пиротехникалық от шашудан зардап шеккен жан жоқ.

Шара Жарылғасова, Жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігері:

- Өткен тәулік бойынша 3090 шақырту түсті. Соның 1461-не біздің жедел жәрдем бригадалары барды. Қараша айларында 800-750 шақырту болса, қазір 1500-1400-ге дейін шақырыс. Бригадаларға нагрузка түсіп тұр.