Астанадан ұшатын рейстер кешігіп жатыр

Күн райының қолайыздығынан Астананың ішкі рейстері кешігіп жатыр.

Елорданың халықарылық әуежай онлайн-таблосының деректері бойынша, ұшып келетін 10 рейс және Астанадан ұшатын 18 рейс бірнеше сағатқа шегерілді. Мұндай жағдай бүкіл ел аумағында болып жатыр. Әуежайдың ұшып қону алаңында қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жолаушылар ақпаратты әуе компаниялардың колл-орталықтары мен әуежайға хабарласып біле алады.