Петропавлда христиандар Рождествоны атап өтіп жатыр

Петропавлдық православ христиандар Рождество мерекесін тойлап жатыр.

Олар Иса Пайғамдардың туған күнінде шіркеуге барып, діни жоралғыларын жасайды. Шырақ жағып, құлшылық етеді. Адамдар бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін білдіреді. Сонымен қатар діни әндер айтып, түні бойы кезекшілік атқарады. Бұл православ христиандар үшін басты діни мейрам болып саналады. Бүгін рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, әр үйде мерекелік дастархан жайылады.

Протоиерей Сергий, Петр мен Павел Әулие Апостолдар шіркеуінің басшысы:

- Иса Пайғамбар осындай жерде дүниеге келген. Ол үй жануарларының демімен жылынған. Екі мың жыл бұрын болған жағдайды барынша көрсету үшін шіркеудің алдына қойлар мен пониді әкеліп қойды.