Алматыда Рождество мерекесі орай діни рәсімдер өттуде

Рождество мерекесіне орай Алматыда православ шіркеулерінде діни рәсімдер өтті.

Вознесенский ғибадатханасына жиналған көпшілікті Астана және Қазақстан митрополиті Александр құттықтады. Христиан дәстүрінде Рождество жаңарудың, бейбітшіліктің, жақсылық пен әділеттіліктің нышаны болып саналады. Митрополит Александр Рождество - халықтың адамгершілік ұстанымын нығайтатынын және көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөліп, қол ұшын беруге шақыратынын айтты. 

Александр, Астана және Қазақстан митрополиті:

- Мен православ христиандарын бүгінгі меркемен құттықтаймын. Қазақ жеріне тыныштық, береке тілеймін. Елімізде ең бастысы елімізде ауызбіршілік пен бейбітшілік болсын. Бұдан былай да, дінаралық татулық, қоғамдық келісім, тұрақтылық салтанат құрсын дегім келеді.