Қазақстандықтар үшін қажылық сапардың шығыны азаяды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ар-Рабиамен кездесуде осы мәселені көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас мүфти отандастарымыз үшін әуе қатынасы мен қонақ үй бағасын қолжетімді етуді сұрады. Сондай-ақ қажылық кезінде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, төлем жасау жүйесін оңайлату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Биыл елден 4 мың адам қажылық парызын өтеуге аттанады. Бас мүфтидің айтуынша, әлем елдерінде жылдан жылға белең алған қымбатшылық қажылық сапардың да шығынын арттырған.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти:

- Қазақстаннан келетін қажыларға барынша жағдайын жақсартуға өз тарапымыздан ұсынысымызды білдірдік. Министр мырза осы мәселеге шамасы келгенше қолдау білтіретіндігіне сөз берді. Алла қаласа, биыл барынша біз өзіміздің елімізден келетін қажыларға жағдай дұрыс болуына қызмет етуге тырысамыз. Алла Тағала ниетімізді қабыл етсін, биыл да қажылық маусымын сәтті, берекелі, хайырлы өтуін Алла нәсіп етсін.