Теміртауда құбыр жарылып, тұрғындар ауыз сусыз қалды

Теміртау қаласында күшті аяз салдарынан ауыз су келетін құбыр жарылып қатып қалды. Салдарынан 90 мыңға жуық тұрғын тұратын қаланың шығыс бөлігінің көбі таңнан бері тіршілік нәрінсіз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мамандар құбырды қайта еріту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалалық әкімдік өкілдері су төмендетілген қысыммен беріліп тұр дегенімен, тұрғындар кей үйлерде тіршілік нәрінің мүлдем жоқ екенін айтып шағымданған. Ал коммуналдық қызмет 2 сағатта су беріп үлгереміз дейді.

Владислав Ким, "Оқжетпес-Т" ЖШС техникалық директоры:

- Кеше түнгілік уақытта Қарағанды көшесі бойындағы құбыр қатып қалған. Қазір мұнда 2 бригада арнайы жұмылдырылып, таңнан бері жұмыстар жүргізіп жатыр. Алдағы 2 сағатта  қала тұрғындарына қайтадан су беріле бастайтын болады.