Елімізде тағы бір жаңа телеарна ашылды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Ассамблея ТВ» арнасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна еліміздегі этномәдени бірлестіктер қызметін көрсете отырып, Қазақстан халқының бірлігін насихаттамақ. Көрерменге ассамблея жаңалықтары, мәдени ойын-сауық бағдарламалар мен арнайы жобалар жол тартады.

Саида Үкібаева "Ассамблея ТВ" телеарнасының бас продюсері:

- Қазан айынан бастап Ассамблея телеарнасы ресми тұрде өз жұмысын бастаған болатын, осы уақытқа дейін бірталай танымдық ,мәдени-ағартушылық бағдарламаларды, контенттерді қазақстандық көрермендердің назарына ұсынып келеді. Қазір осы бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізу мәселесі бірінші орында тұр, соған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.