Талдықорғанда қазандық пеші қалпына келтірілді

Талдықорғанда жарылған жылыту қазандығының пеші қалпына келтірілді. Мамандар оны тоғыз күн ішінде толықтай жөндеп, алдыңғы бөлігін кірпішпен қалап шыққан.

Әрі сынақтан өткізіп, тұрақты түрде сағатына 16 гегаколория жылу бере алатынын анықтады. Қалыпты жағдайда жұмыс істейтініне көз жеткізген соң  жауапты мамандар оны қаптауға кірісті. Сонымен қатар мекеменің терезелерін де салып жатыр. Жұмыс уақтылы аяқталса, қазандық бүгін іске қосылады. Бірақ жылу біртіндеп беріле бастайды. Кейін толық қуатына көшеді.

Манархан Ақымбеков, «Талдықорғанжылусервис» ҚМКК басшысы:

- Бірінші қазан разгрузка жасаймыз. Қазір 16 гк беріп отырса, оны 8 гк түсіреміз. Екінші қазанды одан кейін жағамыз. Екінші қазанды 8 гк көтереміз екеуі бірдей жұмыс істесін көреміз. Температура бәрі дұрыс болса, біреуін өшіреміз де екіншісінің температурасын көтере береміз.

Әсет Масабаев, қала әкімі:

- Басқуат қазандығындағы 4 қазандықты ауыстыру жоспарда бар. Жаңа қазандықтарға. Себебі олар көмірмен жұмыс істейді. Жанына қосымша екі қазандық салынады. 200 гк 300 гк жүктемені көтеру жоспарда бар.  Бұл 15-20 жылға Талдықорған қаласының қажеттілігін жаба алады.