Риддерде жылу жүйесіндегі ақаулар үшін есеп айырысу төлемі қайта қаралады

Ал Шығыс Қазақстан облысында Риддер тұрғындарының жылу жүйесіндегі ақаулар үшін есеп айырысу төлемі қайта қаралмақ.

Себебі қалалық жылу кешеніндегі апатты жағдайлардан көппәтерлі үйлерде жылу қуаты 15 градустан аспаған. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкерлері тарифті қайта есептеуге кірісті. Бұл жағдайды облыстық прокуратура да өз қадағалауына алды. Қазіргі таңда Риддер тұрғындары жаңа тариф бойынша есеп түбіртектерін күтіп отыр.

Айта кету керек олар былтырғы жылдың қарашасынан ешқандай төлем жасаған жоқ. Ал Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері тұрғындарға басқару компанияларымен шығындарды қадағалап, жылу беретін мекемелерге шағымдансын деп отыр.

Александр Цурпал, Риддер қаласының тұрғыны:

 - Күндіз жылы болады. Бірақ мардымсыз. Жалпы былтыр қарашадан алсақ 30 пайызға дейін жылу жүйесі дұрыс жұмыс істеген жоқ.    

Арман Мәлік, ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Жылу энергиясын сапасыз және толық көлемде бермегені үшін Риддер тұрғындарына, Риддер халқына жылу энергиясына қайта есептеу бойынша нұсқама жіберілетін болады.