Алматы облысында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында жұмыс іздеп жүрген жастарды еңбекпен қамту мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға 20-ға жуық бюджеттік мекеме, кәсіпорындар мен сауда кешендері қатысты. Былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 929 адам тұрақты түрде екі қолға бір күрек тапса, 450-ге жуық азамат қоғамдық қызметтерге тартылған. Жыл басынан бері жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 46 тұрғынға мемлекеттік грант берілді. Қазіргі уақытта Қонаев қаласына жас мұғалімдер, тәрбиешілер, санитарлар, ақпараттық технология мамандары, инженерлер мен құрылысшылар қажет.

Мақсат Кенешов, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Сұраныстағы олар заңгерлер, бухалтерлер, мобилогравтар, смм менеджерлері, дизайнерелер десек те болады. Осы мамандықтар сұраныс тудырып отыр. Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері жетпей жатыр. Сонымен қатар волонтерлерге арналған уақытша жұмыс орындары да ұсынылып отыр.