Атырау облысының ардагері Орынғали Қарасаевқа арналған естеліктер кітабының тұсаукесері өтті

Атырау облысының «Құрметті азаматы», ардагер-майдангер, облыстың мәдениет үздігі Орынғали Қарасаевқа арналған «Тектілік тұғырынан таймаған» атты естеліктер кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.

Жинақта абыз ақсақалдың замандастары, үзеңгілес достары, шәкірттерінің естеліктері топтастырылған. Кітап Атырау облысы әкімдігі мен облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен жарық көріп отыр. Саналы ғұмырын туған елінің дамуы мен өңірдің мәдени-ағартушылық саласына арнаған тұлғаның еңбек жолы келер ұрпаққа өнеге екені даусыз. Салтанатты шара барысында Орынғали Қарасаветың жұбайына облыстық ардагерлер кеңесі бекіткен «Ардақты ана» алтын белгісі табысталды.

Мұрат Өтешов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Ел үшін, Отан үшін, туған жер үшін. Міне, осындай ағаның естелдік кітабы оқырмандар қолына табысталды. Адамның өмірі, өмір жолы тектіліктен басталады. Осы атаумен кітаптың шығуы ол да бір ғажап сол кісінің тұлғасын, сол кісінің өмірін, оның азаматтық адами қасиеттерінің барлығын осы тектілік деген ұғымда жатыр.