Алматыда «Ақылды су құбыры» жүйесі апатты жағдайдың алдын алады

Оған қоса осы бағдарламаның көмегімен тұтынушыларға қашықтан қызмет көрсетіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Алматы Су» кәсіпорнының басшысы Ілияс Қазиев хабарлады.

Оның айтуынша, құбырларды цифрландыру осыдан 5-6 жыл бұрын басталған. Алдағы 3 жылда толығымен аяқталады. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша су құбыры желісінің 55%-ке жуығының тозығы жеткен. Яғни, 2 мың шақырымға жуық құбырды ауыстыру қажет. Ал кәріз желісінің жартысынан астамы ескіріп кеткен. Оның 1000 шақырымнан астамын жаңалау керек. Мегаполисті сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме «Ақылды су құбыры» жұмысымызды жеңілдетеді дейді. Арнайы бағдарлама арқылы құбырлардың жағдайы көрініп тұрады. Мәселен, қай жылы қойылған? Енді қашан ауыстыру керек? Ол жерде қанша апаттық жағдай болды? Нақты қандай жұмыстар жүргізілді? Осы сауалдардың барлығына «Ақылды су құбыры» жобасы жауап береді.   

Серік Шағыров, су жеткізуші компанияның ресми өкілі:

- Қарап, талдау жасап, қай жерде, қашан жөндеу жұмыстарын жүргізу керек? Одан басқа, келісімшарт, техиникалық шарттар толығымен интернет жүйесіне өткіземіз. Арнайы құрылғыларды қойып, судың қысымын қараймыз. Құбырларға қай жерге қысым жетпейді? Қай жерге дәл осы уақытта судың көлемін үлкейту керек немесе азайту керек? Соның бәрін жаңа жүйесіне жеткіземіз.