Ж. Қасымбек: LRT 2024 жылдың соңына дейін аяқталады

LRT келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы арнамыздағы «President» бағдарламасында елорда әкімі айтты.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмыстары өткен жылы басталған. Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады, - дейді шаһар басшысы.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- Өткен жылы Үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарлануда.

Елорданы дамыту мәселелері бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен отырыстың жай-жапсарын бүгін сағат 18:30-да біздің арнадағы «President» арнайы жобасынан көре аласыздар.