Елімізде кәсіподақтардың рөлі күшейеді

Еңбек дауларын шешуде кәсіподақтардың рөлі күшейеді. Еңбек жанжалы туындаған жағдайда жұмыс беруші ол жайында жергілікті атқарушы органдарға хабарлауға міндетті. Бүгін Сенаторлар еңбек қатынастарын реттеп, дау-дамайларды шешу жолдарын жетілдіруді көздейтін Заңды мақұлдады.

Депутаттар елдегі кейбір еңбек дауларының соңы қайғылы оқиғаларға әкеліп жатқанын айтып, мұндай мәселелерді келісім комиссиясын құру арқылы шешу қажеттігіне тоқталды. Заңда қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі айқындалған.