Атырауда полицияны тез шақыратын дабыл түймелері орнатылды

Заманауи цифрлық технологияның бір иігілігі Атырауға да жетті.

Полицияға жедел хабарласқыңыз келсе дабыл түймесін басыңыз. Шаһарда осындай 5 арнаулы құрылғы орнатылған. Бұл сізді жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бейне және аудио арқылы тілдестіреді. Қондырғылар кісі аяғы көп жүретін аумақтарда тұр. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсат тұтқан тәртіп сақшылары олардың қатарын арттыра түсуге де бейіл. 

Асқар Атамқұлов, қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы:

- Әуежайда, теміржол вокзалында, Жастар саябағында, Жайықтың жағалауында, көп халық жүретін, халыққа жақын болатын жерге дереу көмек көрсететін дабылдар қондырылған. Осы бағытта жұмыстар әлі де жалғасуда. Тағы да қондырылады.