Е. Біртанов пен О. Әбішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті

Бүгін Астанада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті.

Сот күдіктілерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Яғни экс-министр Біртанов бес жылға, ал вице-министр Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

Еске салсақ, бұрынғы министр қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп айыпталған. Сондай-ақ Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1 млрд 350 млн 123 мың теңге шығынды өтеуге міндеттелді.