«Павлодарэнерго» АҚ бас директоры жұмыстан шығарылуы мүмкін

«Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының бас директоры жұмыстан босатылуы мүмкін.

Бұл мәселені Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жұмыс сапарында көтерді. Оның мәлімдеуінше, жылу мәселесі Үкіметтің емес, нысанның меншік иесі деңгейінде шешілуі керек еді. Роман Скляр енді көпке созбай жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Қазір қаладағы 152 пәтердің жылуы қалпына келді. Бірақ түйіткіл толық шешілген жоқ. Желінің бойында әлі 19 ақау бар. Осыған байланысты мектептер бір аптадан бері қашықтан жұмыс істеп жатыр. Ал балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылды.