Петропавлда Есіл өзеніне 35 миллион шабақ жіберілді

Биыл Петропавл қаласындағы балық тәлімбағы Есіл өзеніне 35 миллион дернәсіл жібереді.

Қазір мамандар, уылдырықтарын өсіріп, аналық балықтардың аман – есен қыстап шығуын, қамтамасыз етіп жатыр. Олардың жұмысымен аймақтағы тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы танысып келді.

Бұл балық тәлімбағының инкубациялық цехы. Қазір мұнда сиг тұқымының 110 млн уылдырығы бар. Мамандар оларға тәулік бойы қарайласады. Судың температурасын тексереді. Ғимараттың іші де үнемі 1 грдаус болып тұруы тиіс. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бір уылдырықтың дернәсілге айналуына 6 айдай уақыт кетеді», - дейді мамандар. Қазір олар осындай арнайы құтыларда өсіп жетіліп жатыр. Әрқайсында кемі 1 млн жуық уылдырық бар. 

Қазір уылдырықтардың көзі шыға бастаған. Мамандардың айтуынша, көктемге дейін олардың жартысына жуығы өліп қалады. Онсыз болмайды. Ал қалғаны Есіл өзеніне жіберіледі.  

Анастасия Молоткова, инкубациялық цехтің меңгерушісі:

- Көктемде жетілген дернәсілдерді Сергеев және Петропавл су қоймаларына жібереміз. Ал күзде тұқы балықтарын қосамыз. Бұл жұмыстарға мемлекеттен 65 млн теңге бөлінді.

Оттегі мөлшері – 6. Яғни балыққа ауа жетеді деген сөз. Бұл жерде тұқы балығының аналық бастары қыстайды. 

Алексей Иволгин, балық өсіруші:

- Бұл аналық балықтардың қысқы су қоймасы. Қазір мұз астында 400 тұқы бар. Аптасына бір рет ауа мөлшерін өлшеп, аз болса аэрация жасаймыз. 

Бұл мамандардың еңбегі орасан зор. Олар облыстағы бағалы балық түрлерінің азайып кетпеуіне үлес қосып келеді. Биыл Есіл өзені 35 млн дернәсілмен толығады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков