СҚО-да жараланған оқушылардың жағдайы тұрақты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, жарақат алған оқушылардың жағдайын білу үшін ауруханаға барды.

Дәрігерлер балаларға ота жасалғаны туралы айтып, қазір жағдайлары тұрақты екенін жеткізді. Аймақ басшысы балалармен тілдесіп, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы қатарластарына балта сілтеп, 3 жеткіншекті жаралады. Кейін оның психиатриялық есепте тұрғаны анықталды.