Ертіс өңірінде жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама іске қосылады

Өз ісін бастағысы келетін азаматтарға 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастардың бизнес жобасын облыстық комиссия қарайды. Кейін байқау бойынша үміткерлер анықталады. Бұл бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген тұрғын қатыса алады. Мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда сияқты бағыттар бойынша бизнес ашқысы келетіндер көп. Шағын несиелендіруге мемлекет тарапынан 800 млн теңге бөлінеді. Бұл кем дегенде 150 жобаны қолдауға жеткілікті. Болашақ кәсіпкерлерге бірқатар талап қойылады.

Арман Заитов, облыстық ЖҚҮ және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- Бизнес-жобаларға 5 негізгі талап қойылады. Жоба бәсекеге қабілетті болуы керек. Тұтынушылар нарығы қалыптасқан болуы да шарт. Өтініш берушінің кәсіпкерлік қабілеттілігін де бағалаймыз. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу керек.