Елімізде «Қорғау» жүйесі жаппай енгізіледі

Пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетті.

Жаңа бағдарламаның арқасында жол апатынан болатын адам өлімі 33-тен 46 пайызға төмендеген. Қылмысты жедел ашуға да сеп болды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Бағдарлама 12 қалада жүзеге асып жатыр. Полиция қызметін цифрландырудың мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бүгін атқарылған жұмыстар Сенатқа таныстырылды.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Интеллектуалды система өзі тауып береді. Бұл дегеніміз бүгінгі прокуратураға бірыңғай құқықбұзушылық системасын, сергек сосын біздің ЦОУ-дың патрульдік планшеттердің бәрін біріктіріп + Осындай тікелей жан-жақты сараптама жүргізіп осы қорғу деп атап осындай жүйені енгіздік.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мұның негізгі мақсаты халқымыздың полицияға сенімін арттыру мәселесі. Қауіпсіздігін қорғау мәселесі. Және алдағы уақытта да мынау қылмыстардың алдын алу мәселесі. Қылмыс болған жағдайда оны мына бізге табыстаған мәселесі жаңа технологияларды цифрландырудың арқасында, бюджет қаражатының шығынысыз 6 бағдарламаны жасап қылмыстың алдын алу мәселесі. Осы бейнебақылау арқылы цифрлық технологияларды пайдалану арқылы интеллектуалды бағдарламалар арқылы біраз жетістіктерге жетіп оытрмыз. Олар қылмыстың алдын алады.