Атырауда 176 жер учаскесі мемлекет меншігіне алынады

Атырау қаласының ескі бөлігіндегі 176 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады.

Қазір бұл аумақта 130-дан астам жеке тұрғын үй бар. Жергілікті билік олардың иелерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Тәуелсіз сарапшылар жер телімдерін бағалап, нақты бағасын қожайынына айтады. Келіссе, ақшасы беріледі. Келіспеген жағдайда мемлекет қажеті үшін алынатын жер болғандықтан, иеліктен сот арқылы мәжбүрлеп шығарылады. Қазіргі таңда 130 тұрғынның 34-і жер учаскесін беруге келіскен. Ал 7-уінің құжаттарын реттеу қажет. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2000 орындық мектеп салу үшін 38 жер учаскесі алынады.

Абзал Назаров, Бас жоспар орталығының заңгері:

- Қазіргі уақытта біздер газет бетінде жарияланған қаулыға сәйкес біздер оларға хабарлама жібердік. Хабарлама алғаннан кейін олар келіп біздерге жер учаскесінің құжаттарын тапсырады. Әлі хабарлама алмаған тұрғындар да бар. Біз оларға аяқтай жүріп те, қазіргі уақытта ескертіп қаулының орындалуын тездету үстіндеміз.