Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды

Екібастұз жылу электр орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр.

Жылу беру температурасы – 70 градус. Бұл туралы Энергетика министрлігіндегілер хабарлады. Кеше жылу коллекторы зақымданған болатын. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сағат 23:00-де су жылыту қазандықтарын іске қосу басталды. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында делінген хабарламада.