Елордада мүгедек балалардың ақысын жеген мекеме қызметкерлері сотталды

Жетімнің ақысын жеген. Елорданың мамандандырылған мекемелерінің бірінде басшылық пен қызметкерлері мүгедек балаларға арнайы бөлінген 40 миллионнан астам теңге қаржыны жымқырған.

Бұл қалалық прокуратураның тексеруі барысында анықталды. Қылмысқа қатысы бар мекеме қызметкерлері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ведомствоның хабарлауынша, бас қала бойынша балалардың құқын бұзған 60-қа жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Сонымен қатар жалған дипломмен жұмыс істеген педагогтердің ісі әшкере болды.

Айгерім Өмірзақова, қалалық прокуратураның басқарма аға прокуроры:

- Арнайы прокурорлар қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Мекеменің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарылды. Прокурорлық тексеру барысында басқа мамандандырылған мекемеде осы тектес жағдай орын алды. Қазіргі уақытта Астана қаласы прокуратурасының арнайы прокурорларымен тергеу жүргізілуде.