Жаңаарқалық бүлдіршіндер Түркияға қолдау білдірді

Бауырлас елдің басына түскен ауыр сынақты жұдырықтай жүректерімен сезінген жаңаарқалық бүлдіршіндердің әрекеті жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір топ оқушы «ақ көгершін тек жақсылықтың жаршысы болсын» деген ниетпен құсты көкке ұшырды. Аппақ ниеттерін әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

- Түбі бір түрік елінде болып жатқан жағдай біздің де жанымызға батты. Осы бейбітшілік құсы арқылы біз өзіміздің жүрекжарды ізгі ниетімізді жолдаймыз.